психолог құқықтары мен лауазымы міндеттері » Беріктас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Беріктас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2023

психолог құқықтары мен лауазымы міндеттері

«Бекітемін»

Мектеп деректоры  

Лауазымдық нұсқаулық «Беріктас ауылындағы орта мектебі» КММ   педагог-психологы

№___

Білім  беру мекемелері психологтарының  лауазымдық нұсқаулығы  

         Жалпы ережелер

  1. Осы қызметтік нұсқаулық  Қазақстан Республикасы  Білім және   ғылым  министрінің 

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына  негізделіп дайындалған 

  1. Психологты  қызметке   білім беру мекемесінің директоры  тағайындайды және    қызметтен   босатады.
  2. Педагог-психологтың "Психология" мамандығы  бойынша жоғары кәсіби білімі немесе арнайы факультетте  қосымша «Практикалық психология" мамандығы бойынша   алған педагогикалық   білімі болуы тиіс. 
  3.  Мектептің ерекшелігіне   байланысты  психолог   білім   беру мекемесінің  директорына   немесе    директордың  орынбасарына бағынады.
  4.  Өз жұмысында педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарын, ҚР Үкіметінің  оқушыларға білім беру мен  тәрбиелеу  шешімдерін;   еңбек қауіпсіздік нормалары мен ережелерін, техникалық  қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін, сонымен  қатар,  мектептің Жарғысы мен локальды нормативтік  актілерді,  (соның ішінде   еңбек   шарттары бойынша ішкі Ережелер, директордың бұйрықтары мен шешімдері және осы қызметтік нұсқаулықты), еңбек келісім шартын (контракт) басшылыққа  алады. Психолог   бала құқығы туралы Конвенция талаптарын      сақтайды. 

1.6. Педагог-психолог  Қазақстан Республикасы  Конститциясын, Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың  құқықтары   туралы» Заңды, «Мүмкіндігішектеулібалаларды әлеуметтік  және медициналық-педагогикалықтүзеу арқылықолдаутуралы» Заңын,  педагогика және психология негіздерін   білуі тиіс. 

1.7.Жылына 1рет медициналық тексерістен өтеді.

1.8.Жұмыс аптасының ұзақтығы -   сағат.

1.9.Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы -      күнтізбелік күн.

2. Педагог-психологтың функционалдық міндеттері

       2.1. Білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде білім алушылардың  психикалық, соматикалық  саулығын және әлеуметтік- психологиялық жайлылықты сақтауға бағытталған кәсіби іс -әрекетті жүзеге асыру;     

       2.2. Бала құқығы туралы Конвенцияға сай тұлға   құқығын  қорғауға ықпал ету. 


        3. Лауазымдық  міндеттері 

       3.1.Білім алушылардың   тұлғалық  дамуына  кедергі келтіретін факторларды   анықтайды және    әр түрлі   психологиялық  көмектер   (психотүзету,  оқшаулау және кеңестік)   көрсету     бойынша  шара  қолданады   

       3.2. Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады;

      3.3.Білім алушылардың оқу-мотивациялық деңгейі, тұлғалық,эмоционалдық-еріктік сферасындағы ерекшеліктерін анықтау мақсатында психологиялық диагностика жүргізеді; 

      3.4. Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асырады;

      3.5.Өзінің құзыреттілік деңгейінде ата-аналарға (олардың орынын   алмастыратын  тұлғаларға)  және    білім беру  мекемелеріндегі  педагогикалық қызметкерлер  мен    білім алушыларға  кеңестік  көмек   көрсетеді;  

       3.6.Білім алушылардың болашақ кәсібіне бейінділігін анықтауға бағытталған психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді;

      3.7. Белгіленген   түрде   құжаттарды   жүргізеді және  орынды   пайдаланды;     

      3.8. Білім беру әрекетінде білім алушылардың жас және тұлғалық

 Ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктері ескерілген дамыту- түзету   бағдарламаларын  жасауға  және   жоспарлауға  қатысады;  

       3.9. Дарынды және үлгермейтін білім  алушыларға психологиялық  қолдау көрсетеді,  олардың   дамуына, ізденуіне ықпал етеді;

     3.10. Аутодеструктивті  мінез-құлықтың алдын алу бойынша ықтимал топтағылар,суицидке бетбұрысы бар профилактикалық есепте тұрған балаларды  алдын алу   жұмыстарымен  қамтамасыз    етеді;

     3.11.Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру үшін психологиялық ағарту жұмыстарын жүзеге асырады;

     3.12.   1-5-10-сынып оқушыларының психологиялық бейімделуін қамтамасыз етеді және психологиялық-педагогикалық консилиум   өткізіп талдау жасайды;

     3.13.11-сынып оқушыларын мемлекеттік  емтиханға   дайындауда психологиялық сүйемелдеу жасайды;

     3.14.Психологиялық-педагогикалық  диагностика   негізінде  бейіндік сыныптарды   жинақтауға   қатысады.

4. Педагог-психологтың құқықтары

       4.1.Білім алушылармен  жұмыс жасау әдістерін, әдістемелерін, оқу  құралдары мен материалдарын  өздігінен таңдауға және қолдануға;

      4.2. Педагогикалық кеңес жұмысына  қатысуға; 

      4.3.Кәсіби ар-ожданы мен абыройын қорғауға; 

      4.4.Психолог жұмысын бағалаған шағымдар және өзге де құжаттармен танысуға, оларға түсініктеме беруге;

     4.5. Кәсіби біліктілігін арттыруға; 

     4.6.Тәжірибе алмасу  мақсатымен    кәсіби  байланысты  үнемі    қолдауға; 

     4.7.Сәйкес келетін  біліктілік санатына  өз   еркімен    аттестациялануға   және    аттестациядан сәтті өткен жағдайда    оны  алуға;

     4.8.Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тартуға.


       5. Педагог-психологтың жауапкершілігі

      5.1.Білім беру мекемесінің Жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерін, мектеп директорының заңды өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы Нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін  дәлелді себептерсіз орындамағаны , сондай-ақ берілген құқықтарын пайдаланбағаны үшін педагог-психолог айқындалған еңбек заңнамасы тәртібімен тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

     5.2. Білім алушы тұлғаға қарсы физикалық және (немесе) психикалық 

зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдісі қолданылған жағдайда, бір рет болса да, сондай-ақ басқа да моральға сыйымсыз жат қылықтар жасағаны үшін еңбек заңнамаларына, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог-психолог қызметінен босатылуы мүмкін. Аталған жат қылыққа байланысты жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасына жатпайды.

     5.3.Оқу-тәрбие  үдерісін ұйымдастыруда өрт қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау, санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзғаны үшін педагог-психолог әкімшілік заңнамада көзделген жағдайларда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

      5.4.Өзінің лауазымдық міндеттерін орындауымен (орындамаумен)  байланысты білім беру мекемесіне немесе білім беру үдерісіне қатысушыларға  залал келтіргені үшін педагог-психолог еңбек және (немесе) азаматтық заңнамада қарастырылған тәртіппен және шектелулерде материалдық жауапкершілікті мойнына   алады. 


  1. Өзара ынтымақтастық қарым-қатынас

      6.1.Педагог-психолог директордың бекітуімен жасалған 40-сағаттық жұмыс аптасы кестесіне сүйене отырып жұмыс істейді.Жекеше және топтық жұмыстарға дайындыққа,алынған деректерді өңдеуге,талдауға,қорытындылауға және есеп беру құжаттарын толтыруға, сондай-ақ кәсіби құзыреттілігін арттыруға жұмсалатын аптаның 12 сағатын құрайтын уақытта психологтың міндетті түрде білім беру мекемесінде болуы талап етілмейді; 

     6.2. Өз жұмысын әр оқу жылына жоспарлайды.Жұмыс жоспары жоспарлаған кезеңнің басталуынан бес күннен әрі аспайтын мерзімде директормен бекітіледі;

      6.3. Жұмысы туралы бес жазба парақтан аспайтын көлемдегі жазбаша есепті оқу жылы аяқталғанға дейін  10 күн ішінде директорға тапсырады;

      6.4. Білім беру мекемесі басшысынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпарат алады, сәйкес түрдегі іс-құжаттармен танысқанын растап, қол қояды;

      6.5. Кәсіби іс-әрекетіне сәйкес іс-құжаттар жүргізеді. 

КЕЛІСІЛДІ:

Кәсіподақ төрайымы     (лауазымы)

_________________________________

    (аты-жөні)                                    (қолы)

Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:

__________________ /_____________     «____» « ___» 2017__ж

   (аты-жөні)                              (қолы)                                       

Лауазымдық нұсқаулықтың көшірмесін алдым: 

__________________ /__________                   «____» « ___» 2017__ж

  (аты-жөні)(қолы)