Адалдық сағаты » Беріктас орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Беріктас орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адалдық сағаты
17
октябрь
2023

Адалдық сағаты

Бүгін,  16.10.2023 жылы мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубының жоспарына сәйкес адалдық сағаты өтті. «Менің таңдауым – адалдық» тақырыбында өткен іс-шараға 6-10 сыныптан 93 оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға адалдық тақырыбында әлеуметтік роликтер көрсетілді. Әр роликтен кейін оқушылардан кері байланыс алынды. Оқушылардың әр жауабы бағаланып, тақырыпты ашу мақсатында жетекші сұрақтар беріліп отырды. 
        Адалдық сағатының мақсаты: адалдық, шыншылдық  құндылықтарын жасөспірімдер бойында қалыптастыру, мейірімділікке, шынайылыққа  тәрбиелеу, шешім қабылдау, ақпаратты саралау, өз пікірін зерделеуді меңгерту. 
            Қоғамдағы   өзекті тақырыптардың біріне айналған – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі оқушыларға ұлттық тұлғалардың шығармалары арқылы тұрақты  беріліп отырады. Атап айтар болсақ  Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы адалдық құндылығы жан-жақты талданып, TEDX форматта жүзеге асып келеді.  
         «Адалдық алаңын» үйлестіруші топ әр сағатқа үлкен дайындық жасайды. Әр сағат оқушылардың қызығушылығы мен қоғамда орын алып жатқан мәселелердің байланысына құрылады.